«Парламент ойындары» спорт жарысы мен «Махалла – бес бастама бесігі» конкурстық-байқауын өткізу талқыланды

    Ағымдағы жылдың 7 майда Сенатының Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетінің ұйымдастыруымен Сенаттың бастамасымен өткізілетін конкурстық-байқаулар бойынша семинар өтті.

    Оған халық депутаттары жергілікті Кеңес хатшылығының меңгерушілері, тиісті комиссия мүшелері, тиісті министрліктер мен кеңселердің өкілдері, облыс әкімінің жастар ісі жөніндегі орынбасарлары, Сенат құзырындағы Жастар парламентінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

    Семинарда Сенат тарапынан өткізіліп жатқан Төраға кубогі үшін «Парламенттік ойындар» спорт жарысы сондай-ақ «Махалла – бес бастама бесігі» республикалық конкустық-байқауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

    2021 жылғы Парламенттік ойындар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған шағын футбол, волейбол, бадминтон және үстел теннисі бойынша бес мыңға жуық жергілікті халық депутаттары Кеңестері қатысқаны айтылды.

    «Махалла – бес бастама бесігі» республикалық конкус-байқауының аудандық және қалалық басқыштарында 1035, аумақтық басқышқа 207-і махалла қатысып, оған 62 500-ден астам жас қатысқаны, финал басқышқа 14 аумақтан бір біреуден жолдаманы жеңіп алған махаллалардың 300-ден астам жастар қатысқаны, жеңімпаз махаллаға Президент сыйлығы ретінде «Дамас» автокөлігі сыйға тартылғанын тілге тиек етті.

    Сондай-ақ екі байқау да жерлестеріміздің үлкен қызығушылығын тудырып отырғаны, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрғаны жөн екені айтылды.

    Семинар барысында байқауларды өткізу үдерісінде бірқатар кемшіліктерге жол берілгені айтылды. Атап айтқанда, байқаудың аймақтық кезеңдері белгіленген мерзімде өткізілмей, осы кезең жеңімпаздарын марапаттау жұмыстары жеткіліксіз ұйымдастырылып, конкурстық құжаттар талап деңгейінде ұсынылмағаны айтылды.

    Осы проблемалар биыл қайталанбауы үшін тиісті министрліктер мен кеңселердің жауапты қызметкерлеріне ұсыныстар берілді.

    Семинардан соң Сенат құзырындағы Жастар парламентінің ұйымдастыру мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, жаңа кандидаттар қаралып, талқылаудан кейін Жастар парламентінің жаңа мүшелері бекітілді.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates