Педагогтарды еңбекке әкімшілік ретінде мәжбүрлеуді қайталағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

    Ел назарында 17 Fevral 2023 962

    Ағымдағы жылдың 16 февралінде Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитетінің мәжілісі өтті.

    Оған сенаторлар, сарапшылар, халық депутаттары жергілікті Кеңестердің тиісті тұрақты комиссияларының төрағалары, министрліктер мен кеңселердің басшылары, Жастар парламентінің мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Шарада Сенаттың кезектегі жылпы мәжілісі аясында талқылануы жоспарланған заңдар қаралды. Атап айтқанда, «Мемлекет есебінен заңды көмек көрсету туралы» Заң талқыланды.

    Атап өтілгендей, осы уақытқа дейін мемлекет есебінен заңды көмек тек қылмыстық істерді жүргізуде көрсетіліп, әкімшілік және азаматтық істерде көрсетілуі көзделмегендігі, заңды көмек көрсететін адвокаттарды тартудың ашық механизмі енгізілмегені, сондай-ақ саланы үйлестіруші бірігей органның белгіленбегені табысы аз азаматтардың Конституцияда кепілденген білікті заңды көмекті толық пайдалана алмауына, сыбайлас жемқорлық факторлардың пайда болуына әкеліп, бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді бақылау орнатылуына кедергі жасалып жатқан еді

    Сенаторлар осы Заң жоғарыда аталған проблемаларды жоюға бағытталмағандығымен ғана емес, адам құқықтарының қорғалуын одан әрі күшейтіп, азаматтарға сот үдерістерінде сенімді қорғалуына мүмкіндік беретінімен де маңызды екенін атап өтті.

    Тағы бір маңызды заң «Педагог қызметкерлердің қызмет міндетін атқаруына кедергі жасағаны үшін жауапкершіліктің күшейтілуіне қатысты «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне қосымшалар және өзгерістер енгізу туралы» заң қызу талқыланды.

    Мәжілісте педагогтарды кәсіптік қызметіне қатысы жоқ шараларға заңсыз тарту жағдайлары аз болса да орын алатыны айтылды. Атап айтқанда, педагогтар аумақтардағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен мәселелерді шешу үшін құрылған көптеген жұмысшы топтардың құрамына негізсіз енгізілгені, олардан түрлі есеп беру мен ақпараттар талап етілгені айтылды. Осы заңға сәйкес Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне педагог қызметкерлерді еңбекке әкімшілік тәртіпте жұмыс істеуге мәжбүрлегені үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін дәл осындай қылмысты қайтадан қайталаса қылмыстық жауапкершілікті көздейтін норма енгізіледі.

    Талқылау барысында министрлік пен кеңселердің жауаптылары, Жастар парламент мүшелері заңдар туралы өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасады.

    Мәжіліс соңында Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates