Кездесу барысында екі тарап өкілдері мемлекетіміз арасында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық байланыстардың дамуы Өзбекстанның да, Пәкістанның да мүдделеріне сай келетінін атап өтті.
Келіссөздер барысында шетелдік әуекомпанияларын мемлекетіміз авиация базарына тарту, осы базардың барлық қатысушылары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы толық ақпар берілді. Атап айтқанда, биылдың өзінде әуежай қызметтері үшін төлем 42 пайызға дейін түсірілген, зиярат туризмі бойынша рейстер 50 пайызға дейін төмендетілді.
«PIA» әуекомпаниясының Өзбекстандағы өкілі Мухаммад Ваккос Исламабад — Ташкент және Карачи — Ташкент бағытында тұрақты әуеқатынауларды 2022 жылы январь айынан жолға қою ниетінде екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар белгіленген бағыттар бойынша тұрақты рейстерді жолға қоюда ынтымақтастықты жалғастыруға келісіп алды.