Заңның жаңа редакциясы қызмет көрсету базарындағы пошта байланысын дамытуға және пошта байланысы саласындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

Заңмен пошта байланысы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары кеңейтіліп, оған негізінен  мемлекет тарапынан пошта байланысын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес  дамыту, салаға инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, озық инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың енгізілуін ынталандыру белгіленуде.

Осы Заң құжаттарының мойынсұнылуы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде Өзбекстан Республикасының Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласында бақылау бойынша мемлекеттік инспекциялар белгіленеді.

Заңмен пайдаланушылардың мекенжайына қатысты мәліметтер, пошта және курьерлік жөнелтілімдері, олардың құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ пошта байланысы операторлары мен провайдерлерінің қызметі саласына кіретін басқа да хабарлар пошта байланысының  құпиясын құрайтыны және оларға мемлекет кепілдік беретіндігі белгіленбек.

Сондай-ақ Заң пошта байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы жаңа нормамен толықтырылуда. Атап айтқанда, пошта байланысының қауіпсіздігі пошта байланысының құпиясын сақтауға, пошта және курьерлік жөнелтілімдердің, пошта байланыс құралдарының тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң сенаторлар тарапынан мақұлданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.