Исламабад қаласындағы бұл кешен аумағы шамамен 3 гектар болып, онда үш жыл бойы құрылыс жұмыстары жүргізілді және 2007 жылы ашылды.

Ескерткіштің пішіні гүл жапырағына ұқсайды. Төрт үлкен жапырақ Пәкістанның төрт провинциясын білдіреді.

Бір қызығы, кешен бабырлар сәулет дәстүрлері негізінде салынған. Мұнда тарих мұражайы да бар.

Мемлекет басшысына кешендегі картиналардың тарихы туралы айтылды.