Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев махаллаларды жұмыссыздық пен кедейліктен шығару, халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөніндегі ақпаратпен танысты.

    Сыни тұрғыда өткен жиналыста пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мен бұл бағыттағы баяу жұмыстар атап көрсетілді.

    Жиында «махалла жетілігі» мүшелерінің жұмыс тиімділігін бағалауға нақты өлшемдер жоқ екені, олардың негізгі міндеті саналатын жұмыссыздық пен кедейлікті қысқарту бойынша жауапкершілікті арттыру қажеттігі атап өтілді. «Жетіліктің» қызметі халықты жұмыспен қамту және олардың табысының артуына тікелей көрініс табуы қажет екені, осы бағыттағы нысаналы және нәтижеге бағытталған жұмыстарды күшейту керектігі айтылды.

    Махаллаларда кедейлік пен жұмыссыздықты қысқарту үшін, ең алдымен, олардың мәселелері мен «қайнар көзін» анықтап, жүйелі шаралар әзірлеу және орындау тапсырылды. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштерін тікелей махаллада шешуді күшейту міндеті жүктелді.

    Ауыр санаттағы махаллалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Бұл аумақтарға ерекше көңіл бөліп, инфрақұрылым, электрмен жабдықтау, интернет желісі, жеке қосалқы шаруашылықты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту тапсырылды.

    Биыл еліміздегі кедейлік деңгейі 8,9 пайыздан 6 пайызға дейін төмендеуі күтіліп отыр. Келесі жылы бұл көрсеткішті 4,5 пайызға дейін қысқарту көзделген.

    Ол үшін махаллаларда жұмысты кешенді ұйымдастыру, тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған қызметтердің қамту аясын кеңейту, табыс көздерін қалыптастыру, халықты кәсіби оқыту және кәсіпкерлікке тарту бойынша міндеттер айқындалды.

    Әрбір кедей отбасы бойынша оның нақты мүмкіндіктері мен қалауын ескере отырып жеке жоспарлар әзірлеу маңызды екені айтылды.

    Жобалық тәсіл аясында «Жұмыспен қамту органдары – жұмыс берушілер әріптестігі», «Тең мүмкіндік – инклюзивті жұмыспен қамту», «Тұрақты болашаққа қарай», «20 жергілікті бренд», «Бір контур – бір өнім», «Махаллада кәсіпкерлікті дамыту», «Жалға берілетін жер және қосалқы шаруашылықта су жабдықтауын жақсарту», «Ескі бақтарды жаңарту», «1 мың гектар жеміс бауы», «Экспорттаушы кооперативтер» сынды бағдарламалар арқылы 1 миллион кедей халықты қамту жоспарланған.

    Кедейлік пен жұмыссыздықты азайтуда махаллаларда шағын және орта жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде шекаралық және анклав аумақтарда инфрақұрылымды жақсарту, тәулік бойы жұмыс істейтін көшелер, туристік махаллалар, микроөндіріс орталықтарын құру, жағалау және жол бойы инфрақұрылымын дамыту шаралары таныстырылды.

    Жұмыспен қамту бағдарламасының 2025 жылғы орындалуы және 2026 жылғы бағдарламаны қалыптастыру, бейресми жұмыспен қамтуды қысқарту мәселелері де талқыланды.

    Мемлекет басшысы тиісті басшыларға махаллалардағы мәселелерді нысаналы түрде шешу, халық қажеттіліктеріне негізделген практикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру, жұмыспен қамту және кедейлікті азайту жөніндегі тапсырмалардың жоғары жауапкершілікпен орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates