Бұрын бұл оқу орны өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынған ғимараттарда орналасқан еді. Оның тіпті жеке емханасы да болмаған. Инвестициялық бағдарлама аясында қала шетінен институтқа арналған жаңа кешен салынып, осы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.
Кешен құрамында 900 орындық оқу корпусы, 200 төсек-орынды емхана, симуляциялық оқу орталығы, вивариум, спорт залы, 1200 орындық студенттер жатақхана, асхана бар болып, нысан әлемдік стандартқа сай толық жабдықталған. Ғылым академиясының иммунология және адам геномикасы институтының филиалы да құрылған.
Бүгінде институт емдеу, педиатрия, стоматология, жоғары мейірбике ісі, медициналық педагогика, медициналық профилактика, медициналық биология, халық емшілігі, фармация сынды 9 бағыт бойынша мамандар дайындайды. Оларға 568 профессор дәріс береді.
– Бұл Жаңа Өзбекстанға лайықты университет болды. Енді ол өз білімімен халқымызға қызмет етуі керек. Елімізде Медициналық академия, мамандандырылған ғылыми орталықтар, аймақтық институттар бар. Бұл ғылыми әлеует халыққа қалай жетеді? Ол үшін оларды аймақтарға бекіту, салауатты медициналық-әлеуметтік орта қалыптастыру қажет. Жауапты кісі махалладағы аурулардың азаюына қарай мамандардың жалақысына устеме беруі мүмкін. Бейнелеп айтқанда, алдын алу тұрғысынан алғанда 36 миллионнан астам тұрғынға «қолшатыр болу» керек, – деді Шавкат Мирзиёев.
Махаллаларда фитобарлар ұйымдастыру, емдік шөптердің пайдасын насихаттау, Бұқарада фармацевтикалық өнеркәсіп кластерін құру маңыздылығы айтылды.
Осында Бұхара қаласын дамыту жобасы қаралды.
Бұхараның тарихи бөлігінде туристік инфрақұрылымды жақсартып, туристер үшін жағдайды кеңейту қажет екендігі баса айтылды. Сондай-ақ, Тудакөл су қоймасының батыс аймағын Бұхара облысына беру және демалыс туризмін ұйымдастыру жоспарланған.
– Бұхара экономикасын тұрақты етеміз десек, туристік мүмкіндікті 10 есеге арттыруымыз керек. Біз бүгін ғана емес, бір жыл емес, болашақ 50 жылды ойлауымыз керек. Өңірге 10 миллион турист келсе, халық қызмет көрсетуді арттырса, қанша табыс түседі, – деді Мемлекет басшысы.
Осымен Бұхара облысына сапары аяқталып, Президент Шавкат Мирзиёев Ташкентке қайтып оралды.