105 гектар аумақты алып жатқан бұл индустриялық ауданда машина жасау, электротехника, құрылыс материалдары салаларында 12 жоба бар. Солардың бірі – «Авто Spring Components» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалпы құны 60 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл кәсіпорын жылына 18 мың тонна шойын бөлшектерін шығаруға қауқарлы.

Баршаға белгілі, құйма бөлшектер өндірістің тірегі болып табылады. Оларды өндіру жоғары біліктілік пен технологияларды қажет етеді. Атап айтқанда, бұрын мұндай бөлшектерді импорттау республиканың автомобиль және машина жасау салаларында үлкен рөл атқарды. Енді оларды жергіліктендіру арқылы шығындарды азайтып, бәсекеге қабілеттілікті артады.

Кәсіпорын Қытай мен Германияның технологиясы бойынша шойын бөлшектерін жасау жобасын бастаған. Металл құю бөлігін АҚШ, ал механикалық өңдеу бөлігін Қытай компаниялары жасаған. Өткен жылы мұнда ауыл шаруашылығы техникасының 4 түріне қосалқы бөлшектер шығарылды.

Бұл жобаның бірінші кезеңі және 140 жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдың мамыр айында автокөліктерге арналған құйма бөлшектерін шығаратын екінші кезең іске қосылады.

Бұл бірегей кәсіпорынның бір мезетте 12 тонна металды балқыту қуатына ие. Тағы бір тиімді жағы – шикізат Асака ауданындағы автомобиль зауытының темір қалдықтарынан алынып, өңделеді.

Кешен толық қуатында іске қосылғанда жылына 27 миллион доллардың өнімі жергіліктендіріледі. Мемлекет басшысына жергiлiктiлiктендірiлетiн өнiмдер туралы ақпарат берілді. Онда шығындарды азайтуға және «жасыл» технологияларды қолдануға үлкен көңіл бөлінеді.

Биыл жалпы құны 156 миллион долларды құрайтын 10 жоба іске қосылып, 2 мың адам жұмыспен қамтылмақ. 2025 жылы жалпы құны 14 миллион долларды құрайтын 2 жобаны жүзеге асырып, тағы 400 жұмыс орнын ашу жоспарланған.