Мемлекет басшысы Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігіне барды

    Президент Шавкат Мирзиёев 18 наурызда Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігінде болып, саладағы жоспарлар таныстырылымымен танысты.

    Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты бұл агенттік өсімдіктер карантині, қорғау және агрохимия саласындағы мемлекеттік басқару органы болып табылады. Осыған сәйкес, топырақтың, тыңайтқыштардың және ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрамын талдап, зиянды организмдердің енуіне және таралуына қарсы күрес жүргізіп, фитосанитарлық таза өнімдерді өсіруді қамтамасыз етеді.

    Жоғарыда айтылғандай, шетелден тиімділігі жоғары энтомофагтар әкелініп, зиянды жәндіктермен күрестің жаңа түрі қолға алынды. Тәжірибелі мамандардың көмегімен әрбір өнімді өсіру, сақтау, орау және жеткізу бойынша нұсқаулықтар әзірленген. 10 жылжымалы зертхана құрылды.

    Биыл өңірлерде 10 жылжымалы зертхана құрылады. 6 мың бақ, 3 мыңнан астам жүзім бақшасы мен дала алқабы, 344 орау кәсіпорны шетелдік фитосанитарлық талаптарға сәйкестендіріледі. Пестицидтер айналымының барлық процестері цифрланып, сапасыз пестицидтердің республикаға әкелінуі мен заңсыз айналымы тоқтатылады.

    Мемлекет басшысы жүйедегі мамандардың біліктілігін арттыру, әрбір фермер мен жер иесіне жетізілу жөнінде тапсырмалар берді.

    Кейінгі жылдары салаға 7 жаңа ақпараттық жүйе енгізіліп, 40 бағыт цифрландырылды. Халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарынан 20 миллион долларға жуық гранттар тартылып, зертхана мен жабдықтар жаңартылды. Өңірлердегі стационарлық және жылжымалы зертханалар арқылы 1 миллион 40 мың гектар жерге топырақ талдауы жүргізіліп, минералды тыңайтқыштарды пайдалану нормалары ғылыми негізде анықталып, «uzagrolab.uz» бағдарламасына енгізілді. Ондағы ақпарат пен ұсыныстар арқылы шаруалар егіс алқаптары мен бау-бақшаларды дұрыс өңдеуде.

    Мұндай шаралар жемістер мен көкөністердің сапасы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемнің 80 еліне экспорттау үшін 620 фитосанитарлық рұқсат алынған. «GSP+» жүйесі аясында 200 мың гектар жер халықаралық талаптарға бейімделді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы экспорт шамамен 2 миллиард долларды құрады. Бірақ шын мәнінде экспорттық әлеует одан әлдеқайда көп.

    Биылғы жылдың 18 қаңтарында экспорт және өнеркәсіп мәселелеріне арналған бейнеселектор отырысында жеміс-көкөніс өндірісі саласындағы шаралар да айқындалған еді. Атап айтқанда, Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігіне экспортқа шығарылатын өнімдерді отырғызуды ұйымдастыру және жаңа әлеуетті нарықтарды табу міндеті жүктелген болатын.

    Бүгінгі презентацияда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы ақпарат берілді.

    Жобалардың бірі - «Агрокумакчи» («Агрокөмекші») мобильді қосымшасы болып, онда өсімдіктерді қорғау, осы саладағы қызметтер, пайдалы ақпарат, экспорттық кеңеспен таныстырады.

    «Asiaexport.se» платформасы республикадағы экспорттаушыларды шетелдегі сатып алушылармен байланыстырады. Онда тек жеміс-көкөністер мен кептірілген жемістер ғана емес, сонымен қатар шырындар, тұрмыстық тауарлар, кондитерлік өнімдер, тоқыма, былғары және фармацевтикалық өнімдер, өнімдердің кең ассортименті туралы ақпарат орналастырылады.

    Агенттіктің халықаралық «ePhyto Solution» инновациялық жүйесі аясындағы ынтымақтастығы туралы да ақпарат берілді. Осы жүйе арқылы 119 елмен фитосанитариялық сертификаттар электронды түрде алмасады. Биыл тағы 8 елге 25 өнім түріне фитосанитарлық рұқсат алынады.

    Осындай шаралардың нәтижесінде биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 3,5 миллиард долларға жеткізу жоспарланған.

    Мемлекет басшысы ол үшін экспортқа шығарылатын өнімді көбейтіп, фермер мен диқандардың хабардарлығын арттыру керектігін айтты.

    – Бұл салада құқықтық негіз бар, көптеген елдермен келісімге келдік. Бірақ экспорттаушылар өз өнімдерін сатуда қиналып жатыр. Сондықтан экспорттаушылармен тұрақты «коммуникация аймағын» құру қажет. Әкімдер экспорттаушыларды өңірде өсірілетін өнімдермен, ал елшілер сыртқы нарықтағы сұраныс пен бағамен таныстыруы қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Мемлекет басшысы жеміс-жидек пен көкөністерді орау мәселесіне ерекше назар аударды.

    - Қаптама халықаралық стандарттарға сай, заманауи дизайн, индустрияланған болуы керек. Сонда сапа болады, ұлттық бренд жасалады, қосылған құн жоғары болады. Сондықтан экспорттаушыларды дұрыс, ретті және әдемі орауды үйрету керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Өнімнің жарамсыз болып, сапасыз өнімдердің экспортқа енгізілмеуі үшін жүйелі жұмыстың маңызы зор екені айтылды.

    – Бұл тұрғыда да кластерлік жүйе болуы керек. Білім беруден бастап, егін егу, тыңайтқыш беру, өнімді жинау және сұрыптауға дейінгі барлық кезеңдерді өзара үйлесімді және сапалы түрде жүзеге асыру қажет, – деді Президент.

    Министрлер Кабинетіне осы жүйені жетілдірудің 3 жылдық бағдарламасын әзірлеу және экспортты жоспарлы түрде ұйымдастыру міндеті жүктелді. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы экспорт көлемін салыстырмалы түрде қымбат нарықтарға бағыттаудың маңыздылығы айтылды.

    Мемлекет басшысы агенттіктің заманауи зертханасымен танысты. Зертхананың ғылыми әлеуетін арттыру, әлемдік ғылым жетістіктерін игеру, тиісті бөлімдерге жедел енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Осы жерде агрохимиялық жүйеде қолданылатын техникалар мен құрал-жабдықтар да көрсетілді.

    Жоғарыда айтылғандай, шетелден тиімділігі жоғары энтомофагтар әкелініп, зиянды жәндіктермен күрестің жаңа түрі қолға алынды. Тәжірибелі мамандардың көмегімен әрбір өнімді өсіру, сақтау, орау және жеткізу бойынша нұсқаулықтар әзірленген. 10 жылжымалы зертхана құрылды.

    Биыл өңірлерде 10 жылжымалы зертхана құрылады. 6 мың бақ, 3 мыңнан астам жүзім бақшасы мен дала алқабы, 344 орау кәсіпорны шетелдік фитосанитарлық талаптарға сәйкестендіріледі. Пестицидтер айналымының барлық процестері цифрланып, сапасыз пестицидтердің республикаға әкелінуі мен заңсыз айналымы тоқтатылады.

    Мемлекет басшысы жүйедегі мамандардың біліктілігін арттыру, әрбір фермер мен жер иесіне жетізілу жөнінде тапсырмалар берді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates