Соңғы жылдары Ташкент сити кешенінде алып құрылыстар бой көтерді. Қазір «Пахтакор» метро станциясының жанынан үлкен сауда орталығы салынып жатыр.

Мемлекет басшысы осында болып, жаяу жүргіншілер мен автокөліктерге арналған жағдайды аралап көрді. Алдағы уақытта көлік қозғалысының арта түсетінін ескерген ол «Ботыр Закиров» және «Науаи» көшелерінің қиылысында жол өткелін салып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жеңілдету қажеттігін баса айтты.

Президент Шавкат Мирзиёев қаладағы Науаи, Айбек, Нөкіс көшелерін аралап, жолдардағы жағдайды тексеріп, тұрғындармен сұхбаттасты.

Көлік инфрақұрылымына қатысты тағы бір жоба – Ташкент халықаралық әуежайы маңындағы көпір. Автокөлік қозғалысының ыңғайлылығын арттыру мақсатында ол кеңейтіліп, қосымша жол өтпесі салынуда. Оның ұзындығы 650 метр, ені 30 метр болады.

Президент мұндағы құрылыс барысын көріп, аумақты көгалдандыру, сәндік ағаштар отырғызу керектігін айтты.

Бүгінде Ташкент қаласының «Яшнабад» ауданында да құрылыс қарқындай түскен. Сондықтан жасыл бақтарды күтіп ұстау өте маңызды. Абдулла Қадыри мен «Кіші айналма» жолының арасындағы «Элбек» саябағы осындай тыныш жерлердің бірі. Мемлекет басшысы аталмыш саябақты сақтап қалу, халықтың демалуы үшін жағдайды кеңейту жөнінде тапсырмалар берді.

Президент Шавкат Мирзиёев «Ташкент-Шығыс» әуежайының құрылысын да аралады.

Бұл әуежайдың жалпы ауданы 693 гектарды құрайды. Жоба бойынша оның ұзындығы 4 шақырымдық ұшу-қону жолағы, заманауи терминалдар, ұшақтар үшін ангар мен перрон болады. Әуежай қолайсыз ауа райы жағдайында да ұшып-қонуды қамтамасыз ететін заманауи ИКАО III-А санатты радиотехникалық және метеорологиялық құрылғылармен жабдықталады.

Бүгінде мұнда ұшу-қону жолағы мен VIP терминал ғимараты бар. Президент оларды тексерді. Алдағы құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға, терминалдың сыртқы келбетін және делегацияларға арналған нысандарды қайта қарауға тапсырма берді.