Іс-шараға екі елдің 300-ден астам жетекші өнеркәсіп кәсіпорындары мен сауда компанияларының, салалық ұйымдар мен іскерлік құрылымдардың басшылары және өкілдері қатысты.

Пәкістан тарапынан «PEL», «Waves Singer», «Sadaqat», «Fauji», «Platinum», «Fast Cables», «National Fruit», «Amson Group», «Shaigan», «Hans International», «Secure Logistics Group», «NLC», «Fairmont», «Go Dairy», «Engro», «Herbion», «AGP», «Arco», «Habib Rafiq», «Pakistan Steel Mills», «Siddiq Sons», «Uniworth», «Diners», «Fatima Group», «Fateh Group», «Hub Leather», «Siddiq Leather», «Royal Leather», «Davis», «Ahsan Dyeing» және өзге де көптеген компаниялар қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жоғары деңгейдегі келіссөздер Өзбекстан–Пәкістан қатынастарын, ең алдымен сауда-экономикалық және инвестициялық тұрғыдан дамытудың жаңа кезеңін бастағанын айрықша атап өтті.

Екі ел арасындағы байланыстар тарихында алғаш рет экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін беруді және сауда айналымын 2 миллиард АҚШ долларына жеткізуді көздейтін арнайы хаттамаға қол қойылды.

Тиісті ведомстволарға кешенді «жол картасын» әзірлеу және туындайтын мәселелерді жедел шешу тетігін енгізу тапсырылды.

Өзбекстан Президенті экономикалық әріптестіктің басым бағыттарын атап өтті. Олардың қатарында фармацевтика мен медицина, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен металлургиясы және геология, азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бар.

Пәкістан компанияларына Өзбекстанда дәрі-дәрмек, биотехнология және медициналық жабдықтарды жергіліктендіру жобаларына қатысу ұсынылды. Ташкент фармацевтика паркінде пәкістандық инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалатыны айтылды.

Халықаралық брендтер үшін дайын тоқыма өнімдерін бірлесіп өндіруде зор әлеует бар екені атап өтілді. Өзбекстан тоқыма кәсіпорындарын сенімді басқаруға беруге және пәкістандық серіктестер үшін арнайы былғары өнеркәсібі аймақтарын құруға дайын.

Ет, картоп және күрішті бірлесіп өсіру, сондай-ақ тұқым шаруашылығы мен селекция саласында Пәкістанның Ұлттық геномика институтымен серіктестік мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Көлік-логистика саласындағы өзара байланысты күшейту сауда көлемін одан әрі арттырудың маңызды шарты екені атап өтілді.

«Пәкістан – Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» бағыты бойынша жүк тасымалы жолға қойылды, Лахор мен Исламабад қалаларына әуе қатынастары ашылды, Трансауған теміржолын салу жобасы алға жылжып жатыр. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап Карачиге жүк рейстері, ал Лахорға тікелей жолаушы рейстері іске қосылады.

Өңіраралық байланыстарды практикалық тұрғыдан нығайту мақсатында биыл алғашқы Өңіраралық форумды өткізу бастамасы қолдау тапты.

Іс-шара соңында Өзбекстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі қол жеткізілген келісімдер туралы жеке Хаттамаға қол қойды. Онда орындау мерзімі мен осы бағытқа жауапты екі елдің министрліктері және ведомстволарының басшылары айқындалды.

Сондай-ақ, екі ел басшыларының қатысуымен бірқатар инвестициялық және сауда-экономикалық келісімдерді алмасу рәсімі өтті.