Кездесу басында беделді халықаралық қаржы ұйымының басшысы форумның табысты өтуімен шынауы құттықтап, ИДБ-ның Өзбекстанда кедейлікті одан әрі қысқарту жөніндегі міндеттерді жан-жақты қолдауға дайын екенін атап өтті.
Елімізде артқа қайтпайтын сипат алған реформалар стратегиясын жүзеге асыруға көмектесу мақсатында Банк тобы аясындағы кең көлемді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Соңғы жылдары ИДБ-мен әріптестік қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Бірлескен жобалар портфелі 5 миллиард доллардан асып, қазіргі таңда көлік, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, энергетика, денсаулық сақтау және білім беру сияқты басым салаларды қамтиды. Сондай-ақ, инвестициялардың 40 пайыздан астамы жеке секторға тиесілі екені сөз болды.
Мемлекет басшысы ИДБ-мен жобалар портфелін екі есеге арттыруды, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және жеке сектордағы жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуды көздейтін ұзақ мерзімді Стратегиялық әріптестік бағдарламасын қабылдау жөнінде бастама көтерді.
Сонымен бірге жеке бизнестің әлеуетін арттыру, еліміздің өңірлерінде заманауи медицина орталықтарын салу, автомобиль жолдарын жаңғырту, ирригация арналары мен бетондау жұмыстары және басқа да бағыттарда нақты жобаларды ілгерілетуге айрықша мән берілді.