Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік органдары мен ұйымдарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда атқарушылық тәртіпті ұйымдастырудың негізгі бағыттары етіп мыналар белгіленді:
Заңдар, Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықтары, қаулылары, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылаудың тиімді механизмдерін енгізу;
аумақтарда реформалардың тиімділігін зерделеу және атқарушылық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты сапалы ұйымдастыру;
мемлекеттік органдар мен ұйымдарда орындауды ұйымдастырудағы бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру;
атқарушылық тәртіпті бақылау үдерістеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу.
Жарлықпен Есеп палатасына қосымша міндеттер жүктелді, атап айтқанда:
Заңдар,Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықлары, қаулылары, өкімдері мен тапсырмалары аясында бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуын зерделеумен бірге, олардың тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін тиімділігін талдау;
атқару тәртiбiн нығайтуға, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершiлiгiн арттыруға, Өзбекстан Республикасы Президентi тарапынан жүргiзілген реформалардың нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған кешендi іс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
Заңнамалық құжаттары мен тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттік органдары мен ұйымдардың қызметін үйлестіру.
2025 жылғы 1 сентябрьден бастап Экономика және қаржы министрлігі қасындағы бюджеттен тыс Зейнетақы қорының қысқартылған штат бірлігі есебінен Есеп палатасына қосымша 10 басқару штат бірлігі бөлінеді.
