Пробация қызметі заңмен реттеледі

    Қауіпсіздік 27 Oktabr 2023 1831

    Сенаттың қырық алтыншы жалпы мәжілісінде «Пробатсия туралы» заң қаралды.

    Атап өткендей, соңғы жылдары елімізде озық шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, пробация қызметі жолға қойылды.

    Пробация қызметі құқықбұзушылықтардың алдын алуға және оларға жою бермеуге, құқықбұзушылықтарды жасау себептері мен оларға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырылуда.

    Атап айтқанда, 2021 жылы пробация бөлімдері бақылаудағы тұлғалар 1 086 қылмыс жасаған болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 845-тен, 2023 жылдың 9 айында 353-ке жеткен.

    Сонымен қатар, бүгінгі таңда сот тағайындаған ақылақ түзету, бас бостандығын шектеу, белгілі бір құқықтардан айыру және міндетті қоғамдық істері қылмысын өтеу, сондай-ақ шартты түрде бас бостандығынан айыру және қылмысты өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған тұлғаның мінез-құлқы үстінен бақылауды тәртіпке салатын бірыңғай номативтік-құқықтық құжаттың болмауы құқықтық олқылыққа және кейбір жағдайларда қайшылықтарға әкеледі.

    Сондықтан осы Заңмен пробацияны жүзеге асыру саласындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ пробация жүйесінің негізгі түсініктері, пробация бақылауындағы тұлғалардың құқықтық жағдайы, пробация бақылауы және әлеуметтік сәйкестендіру формасын қолдау тәртібі, пробация бақылауындағы тұлғаның мінез-құлқын бағалау өлшемдері, оларға бақылау құралдарын қолдау мәселелері тәртіпке салынуда.

    Атап айтқанда, пробцияны жүзеге асыру саласында Үіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және Ішкі істер министрлігі Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілеттіктері нақты белгіленуде.

    Пробациялық бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесетін субъектілер сонымен қатар еңбек органдары, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін басқару органдары мен денсаулық сақтау мекемелері, Отбасы және әйелдер комитеті және оның өңірлік бөлімдері, білім беру саласындағы республикалық атқарушы билік органдары мен білім беру ұйымдары, Жастар істері агенттігі және оның аймақтық бөлімдері енгізілуде.

    Сондай-ақ пробация бақылауындағы тұлғаларға әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық көмек көрсету, олардың білім алуына, кәсіптік білім алуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы қоғамның толыққанды мүшесі болуға бағытталған қызмет реттелуде.

    Пробация бақылауындағы адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар аудандық (қалалық) пробация бөлімдерінің өкілеттеріне жатпайтын әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша пробация бақылауындағы адамдарға аудандық (қалалық) пробация бөлімдерінің жолдамасы негізінде мемлекеттік органдары тарапынан әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілуі көзделген.

    Сонымен қатар, пробация бақылауындағы тұлғалардың мінез-құлқын бақылау үшін электрондық бақылау құралын (электрондық білезікті) кию және шешу, оны пайдалану тәртібі белгіленді.

    Атап айтқанда, электронды бақылау құралын (электрондық білезік) он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, медициналық нұсқауларға орай электронды бақылау құралын (электрондық білезік) кию ұсынылмайтын басқа тұлғалар қолдануы мүмкін емес.

    Сенаторлардың айтуынша, осы Заңның қабылдануы пробация жүйесіндегі құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға, ұлттық ерекшеліктер мен жағдайларды ескере отырып, халықаралық стандарттар мен озық шетелдік тәжірибені енгізуге, сондай-ақ пробация тәжірибесінде туындайтын мәселелерді жоюға қызмет ететінін айтты.

    Заңды сенаторлар мақұлдады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates