Диалог барысында гуманитарлық көмек көрсету, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, білім сапасын арттыру және мәдени байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Тараптар әлемнің түрлі аймақтарындағы қақтығыстардан зардап шеккен халыққа көмек көрсету, оларға алғашқы қажетті өнімдерді жеткізіп беру мәселелерінде ынтымақтастық орнату жөнінде пікір алмасты.
Өзбекстан мен Катар халықтарын одан әрі жақындастыру, өзара салт-дәстүрімен таныстыру мақсатында бірге мәдени шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 22-26 февраль күндері Доха қаласында ұйымдастырылған Өзбекстанның мәдениет күндері мен 24 февралынан бүгінге дейін жалғасып жатқан Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және тағы басқа да шет елдерден 100-ден астам дизайнерлердің басын қосатын «Design Doha» биенналесінде еліміздің қолөнер шеберлері, ағаш және кесте өнері шеберлерінің қатысуы шараны одан әрі байытқаны атап өтілді.
Кездесу соңында білім сапасын арттыру, әйелдердің қоғамдағы орнын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында өзара ынтымақтастықты кеңейтуге келісілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.