Сенат депутаттары, министрліктер мен кеңселердің мамандары, сарапшылар мен Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан семинарда қайта тіктелетін энергия көздері, энергия тиімділігі мен үнемділігі саласында ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Елімізде экономика салаларын, әлеуметтік сала нысандарын және халықты, сондай-ақ өнеркәсіпті нарықтық қатынастарға өткізу, ескірген инфрақұрылымды жаңарту, республикамызда тұтынушылардың энергия ресурстарына өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүйелі реформалар жүргізілуде.

Атап айтқанда, экономика салаларында және әлеуметтік салада энергия нәтижелілігін арттыру, энергияны үнемдеуге қол жеткізу және қайта тіктелетін энергия көздерін енгізу және қолдап-қуаттау мақсатында «Энергияны тиімді пайдалану туралы» және «Қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану туралы» заңдар жетілдірілді, бұл бағытты дамытуға арналған бірқатар Президент қаулылары қабылданды.

Аталған заңдылыққа сәйкес, Өзбекстанда 2030 жылға дейін қайта тіктелетін энергия көздерінің үлесін электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 25 пайызынан астамына жеткізу мақсат етілген.

Бүгінде қайта тіктелетін энергия көздерін енгізу мақсатында қарастырылатын шаралардың нәтижесінде тек 2022 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысымен 817,16 миллион текше/метр табиғи газ, 447,0 миллион кВт/сағ электр энергиясы және 8,3 мың тонна мұнай өнімдері үнемделген.

Сондай-ақ, электр энергиясы, энергия үнемдеу, баламалы энергия көздері салаларында жалпы құны 1438,7 миллион сумды құрайтын 4 «стартап» жобасы бүгінде жүзеге асырылуда.

Бұдан тыс 2020-2022 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде энергетика саласында жалпы құны 1,88 миллиард доллардан асатын барлығы 8 жоба бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Семинарда қайта тіктелетін энергия көздері, энергия тиімділігі мен үнемділігі бағытында атқарылып жатқан оңды жұмыстармен қатар, салада кейбір кемшіліктер мен түйткілді мәселелер бар екеніне назар аударылды.

Атап айтқанда, республикадағы ғимараттар мен нысандарға, әлеуметтік сала мен тұрғын үй объектілеріне энергия үнемдейтін технологиялар мен қайта тіктелетін энергия көздерін кеңінен енгізу, әлеуметтік сала нысандарын қайта тіктелетін энергия көздерінің құрылғыларымен, энергиялық тиімді және энергияны үнемдейтін басқа да қондырғылармен жабдықтау, қайта тіктелетін энергия көздерінен электр энергиясын өндіруде өндірістік қуаттарды жаратуға жергілікті кәсіпкерлік субъектілерін жұмылдыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі атап өтілді.

Семинарда қарастырылған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасалды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.