Қыбырайдағы “Имконға” А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығы барды

    Білім 21 Aprel 2022 2778

    Бұрын хабарланғандай, Өзбекстанға А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылығы іссапармен кеген.

    Бүгін қонақтар Мектепке дейінгі білім беру министрлігі қарамағындағы Ташкент облысының Қыбырай ауданында орналасқан «Имкон» оңалту орталығына ие болған көптармақты мамандандырылған мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінің қызметімен танысты.

    Ташкент облысының Қыбырай ауданында орналасқан «Имкон» оңалту орталығы бар көптармақты мамандандырылған мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінің сыйымдылығы 150 орынға арналған, бүгінде 100-ге жуық бала – тілінде мүкістігі бар, есту қабілеті мен көру қабілеті нашар, психикалық дамуда артта қалған балаларды, қимыл-қозғалысы қиын, ақылы төмен балаларды сауықтыру және тәлім-тәрбие беру істері жүргізілуде.

    Бұл МДТ-да 2 жастан 7 жасқа дейінгі арнайы мұқтаждығы бар балалар аптасына 5 күн, 24 сағат бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, сауықтыру жұмыстары мен «Алғашқы қадам» мемлекеттік оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.

    Бүгінде 150 тәрбиеленушіге арналған «Имкон» оңалту орталығына ие болған көптармақты мамандандырылған мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесі Нөкіс қаласында (Қарақалпақстан Республикасы) және Ташкент облысының Қыбырай ауданында заманалық талаптар бойынша құрылып жұмысын бастаған.

    Қонақтар мекемені аралау барысында аталмыш орынның ұжымымен сұхбаттасып, олардың мамандықтары мен жоғары оқу орындарына қызығушылық танытты, деп хабарлайды Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: Бұл мекеменің педагогикалық ұжымын 15 тәрбиеші, 16 тәрбиешінің көмекшісі, 13 дефектолог, 1 психолог, музыкант және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі құрайды. Қонақтардың айтуынша, Өзбекстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өз орнын табуы үшін мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жүйесінен бастап-ақ нәтижелі жұмыстар жүргізілген. Бұл әрине, қуанарлық жайт екенін айтты.

    Айта кету керек, бүгінде Өзбекстанда жаңа ұрпақ мектепке дейінгі білім беру мекемелер және көптармақты мамандандырылған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелері жүйесінде дамуында артта қалған балалар үшін қолайлы және қауіпсіз ортаны құруға барлық жағдай жасалған.

    Қазіргі қоғамның маңызды міндеттерінің бірі - ерекше күтімге қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау және ең алдымен инклюзивті білім беруді енгізу арқылы олардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау.

    Ал бұл болашақта көптармақты мамандандырылған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелері үшін педагог кадрлармен қатар дефектолог, логопед сынды мамандардың қызмет аясын кеңейту мақсатқа сай болмақ.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates