2022 жылдың 9 мартта Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуда ғарыштық және геоақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы екіжақты өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кездесуде аясында жоғары дәлдіктегі жерді қашықтықтан зондтау материалдарын пайдалануды жолға қою, еліміздің белгілі бір облысындағы немесе ауданындағы ауыл шаруашылығы жерлері мен егістік алқаптарында ғарыштық мониторинг жүйесін енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлер Кабинеті қасындағы Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігі Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан Республикасында Ғарыш қызметін дамыту туралы» 2019 жылдың 31 авгусындағы Жарлығымен құрылды. Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі стратосфераны және басқа да ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, сондай-ақ жерді қашықтықтан тұрып зондтау және спутниктік байланыс ғарыш аппараттарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдарға түрлі мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруда көмек көрсету болып табылады.