Өзбекстанда ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты атқарылған жұмыстар нәтижесінде саланың мүмкіндіктері кеңейіп, өнімділікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Жергілікті орындарда агроорталықтар ашылып, фермерлер мен диқандарға кешенді қызмет көрсетy жолға қойылды.

Жызақ облысының Шараф Рашидов ауданында да осындай орталық өз жұмысын бастады.

Орталықта өсімдіктерді қорғау зертханасы, ветеринария дәріханасы, агроном кеңесі, тұқым және көшет жеткізу, халық үйлеріне жылыжайлар орнату, агромаркет дүкені, шағын техникаларды сату және оларға қызмет көрсету сияқты бағыттар қамтылған.

Мұнда ауыл шаруашылығына қатысты барлық қызметтер «бір терезе» қағидасы негізінде ұйымдастырылған. Бір гектар аумақты қамтитын орталықтың бірінші қабатында өсімдіктерді қорғау құралдары дүкені, ветеринария дәріханасы, тұқым дүкені, агромаркет, мобильді бригада бөлмелері және басқа 8 қызмет бөлмесі орналасқан.

Екінші қабатта өсімдіктерді қорғау зертханасы жұмыс істейді. Сондай-ақ топырақ және су талдау бөлмесі, энтомология және фитопатология кабинеттері ашылған.

Орталық аумағында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Агроөнеркәсіпті дамыту агенттігінің бөлімшесі, агроинспекция, тұқым шаруашылығы орталығы, қаракөл шаруашылығы қауымдастығы және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін басқа да ұйымдар орналасқан.

Мемлекет басшысы агроорталық жұмысымен танысып, оның қызмет аясын кеңейту, тұтынушыларға ұсынылатын қызмет түрлерін көбейту және ауыл шаруашылығында қосылған құн тізбегін қалыптастыру жөнінде өз ұсыныстарын берді.