Каирде Өзбекстан мен Египет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ғылыми-практикалық семинар өтті

    2022 жылдың 25 майында Каир стратегиялық зерттеулер орталығында Өзбекстан мен Египет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық семинар және «Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясының» тұсаукесері өтті.

    Египеттегі ең беделді орталықтардың бірінде өткен шараға Өзбекстан Достық қоғамының мүшелері, аталмыш елдің саяси, ғылыми, іскерлер аясы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Ғылыми-практикалық семинарда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Фурқат Сидиков елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы кеңінен мәлімет берді.

    Атап айтсақ, 2017-2021-жылдарда Өзбекстан Республикасын дамытудың бес үстем бағыттары бойынша Әрекеттер стратегиясы шеңберінде енгізілген жобалар жан-жақты талқыланды. Биыл 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясын қалың жұртшылықпен және азаматтық қоғам институттарымен бірге жасалғанына назар аударылды.

    Даму стратегиясында бүгінгі жаһандық үдерістерге сүйене отырып, адам қадір-қасиетін арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, экономиканы дамытуға қатысты жеті үстем бағыттың белгіленгені айтылды.

    Бүгінде Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалар республика дамуының жаңа кезеңін – Жаңа Өзбекстан дәуірін бастап бергені айрықша атап өтілді. Еліміз басшысы тарапынан шетелдермен ашық та достық қарым-қатынас орнатылғаны, Орталық Азия аймағы да сыртқы саясаттың үстем бағыты етіп белгіленгеніне ерекше назар аударылды.

    Шараның модераторы, Каир стратегиялық зерттеулер орталығының директоры А.Муслимани соңғы бес жылда Жаңа Өзбекстанның құрылып, ішкі және сыртқы саясатта үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.

    Оның айтуынша, Ташкент пен Каирдің екіжақты қарым-қатынастарды жоғары деңгейге көтеруде әлеуеті зор екеніне тоқталды. Қазіргі уақытта түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін тарихи-мәдени қолайлы жағдайлар бар. Атап айтқанда, 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, оның құқықтық базасы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді.

    Каир университеті факультетінің деканы, еліміздің «Достық» орденінің иегері, профессор Ахмад Раджаб Ризк Египет пен Өзбекстан халықтарын мың жылдан бері байланыстыратынын атап өтті. Ғалымның айтуынша, Әл-Ферғанидің Каирде салынған нилометрлік құрылғысы, Узбакия махалласы, Египеттегі Тулунилер, Мамлуктар, Аюбилер салтанаты, тағы басқа да көптеген мысалдар біздің достық қарым-қатынасымыздың ежелден келе жатқанын растайды.

    Мысыр Парламентінің сенаторы, «аш-Шуруқ» газетінің бас редакторы Имодуддин Хусайн өткен 30 жыл барысында Египет пен Өзбекстан ынтымақтастығында көптеген оң істер атқарылғанын айта келе, әлі пайдаланылмаған әлеует екі халықтың достық байланысын одан әрі кеңейтуге мықты сенім білдірді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates