Онда 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанды дамыту стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» іске асыру туралы мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылдың бірінші тоқсанында орындалуы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі және «Пошта байланысы туралы» Заң бастапқыда қаралды.

Комитет жиналысында алдымен Мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы орындалуы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі талқыланды. Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы үстіміздегі жылдың І тоқсанында 59 нормативтік-құқықтық, тағы басқа да құжаттардың қабылданғаны айтылды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың І тоқсанында Өзбекстан Республикасы Президенті және Үкіметі тарапынан гиосаяси жағдайға байланысты қауіптерді дер кезінде  қарастырылған шаралардың нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің өсуі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызды, содан ЖІӨ құрамында өнеркәсіп – 5,7 пайызды, қызметтер 6,9 пайызды, ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімі 2,8 пайызды құраған.

Мемлекеттік бюджеттің табыстары 41,9 триллион сумға орындалып, Мемлекеттік бюджеттің жалпы қаражаттары 42,9 триллион сумды құрады. Әлеуметтік салаға жұмсалған қаражаттар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,5 триллион сумды құрап, жалпы өсім 25,4 пайызға асқан. Ағымдағы жылдың январь-март айларында жалпы құны 2 миллиард 448 миллион доллар болатын шетелдік инвестиция игеріліп, болжам көрсеткіші 167 пайызға орындалған.

Комитет жиналысында күн тәртібіндегі келесі мәселе – «Пошта байланысы туралы» Заң қаралды. Заңмен Министрлер Кабинетінің пошта байланысы саласындағы өкілеттері белгіленуде.

Пошта байланысының қауіпсіздігі пошта байланысы қызметінің құпиясын сақтауға, пошта және курьерлік жөнелтілімдердің, пошта  байланыс құралдарының  толық сақталуын қамтамасыз етуге қаратылған, заңдылықта белгіленген шаралар кешенінен тұратыны көзделуде.

Пошта байланысын пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері нақтылануда. Атап айтқанда, ақша қаржыларын пошта жөнелтілімдерін пошта мекенжайы бойынша немесе барып қолма қол алу құқығы көзделген жағдайда тыйым салынған заттар мен құралдарды жөнелтуге жол берілмейтіні белгіленуде.

Пошта байналысы операторлары мен провайдерлері  пошта байланысы қызметтерін көрсету бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе қажетті деңгейде орындамағаны үшін пайдаланушыларға жеткізген залалдың орнын заңдылыққа сәйкес қаптап беруі нығайтылуда.

Заңның қабылдануы пошта байланысы саласындағы кәсіпкерлікті дамытудағы қажетсіз бюрократтық кедергілерді жояды, іскерлік жақсартады, қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Комитет жиналысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.