Сондықтан жоғары қан қысымының алдын алу үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:
1. Дұрыс тамақтану. Қызыл ет, жануар майлары мен тұзды тұтынуды азайтыңыз. Мәзірде жемістер мен көкөністің, балық, жаңғақ, майсыз сүт өнімдерінің болуына назар аударыңыз.
2. Кофені шектеңіз. Кофеин қан қысымын арттырады. Сондықтан оны шектеген жөн.
3. Алкоголь мен темекі өнімдерінен бас тарту.
4. Тұрақты дене жаттығуларын орындаңыз. Жеңіл спорт түрлері, серуендеу, велосипедпен жүру, жүзу артериялық қан қысымын қалыпты болуына көмектеседі.
5. Дене салмағын бақылау. Артық салмақ гипертонияның даму қаупін арттырады.
6. Стресстік жағдайлардан аулақ болыңыз. Медитация мен йогамен айналысу стрессті азайтудың тиімді әдісі болып табылады.
7. Ұйқы режимін сақтау. Гипертониямен ауыратын науқасқа күніне кемінде 8 сағат ұйықтау ұсынылады.
8. Дәрілерді уақытында қабылдау. Егер дәрігер қан қысымын төмендету үшін қажетті препараттарды тағайындаған болса, оларды уақытында қабылдау керек.
9. Мерзімді медициналық тексеру. Бұл ағзадағы жағымсыз өзгерістерді ерте анықтауға және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.