Қарақалпақстан Республикасындағы Даму стратегиясын қолдап-қуаттау бойынша қоғамдық топтың мүшелері бекітілді

    Ел назарында 14 Aprel 2022 2280

    Еліміздің барлық аумағында «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының бастамасымен беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдарынан, БАҚ өкілдерінен, сарапшылар мен махалла белсенділерінен құрылған Даму стратегиясын қолдап-қуаттайтын қоғамдық топтар құрылуда.

    13 апрельде Қарақалпақстанда Мемлекеттік стратегияны қолдап-қуаттау қоғамдық тобының құрамы бекітіліп, топтың ұйымдастыру жиналысы өтті. Онда қоғамдық топ мүшелердің міндетіне жүктелген, сондай-ақ топқа облыста Даму стратегиясын жүзеге асыруға айрықша орын бөлінгені түсіндірілді.

    Айта кетерлік жайт, бұл топ мүшелері «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының аумақтық бөлімі мен жергілікті атқарушы органдары ұсынған кандидаттардың арасынан олардың халық арасындағы құрметі мен беделі, практикалық және өмірлік тәжірибесі, қосқан үлесі ескеріле отырып таңдалды. Топтың бірінші міндеті Даму стратегиясын халыққа жеткізуде және насихаттауда мемлекеттік билік органдарына көмек көрсету болып саналады.

    – Март айында еліміз бойынша қысқаша сауалнама жүргізгенімізде мына нәрсеге куәсі болдық, тұрғындар Даму стратегиясы туралы естігенімен, оның нақты қандай құжат екенін, маңызы мен мақсаты туралы түсінбейтіні белгілі болды, – дейді «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Б.Бекмуродов. — Сондықтан бұл қоғамдық топ белсенділермен кездесулерде, баспасөзде, телеарналарда, радиода және басқа да БАҚ-тарда оны насихаттау бойынша мекемелерге ұсыныстар енгізуі қажет.

    Екіншіден, аталмыш топ аймақтық бағдарламаларды әзірлеу бойынша қоғамдық талқылауларға қатысып, пікірлер мен ұсыныстар дайындайды.

    Үшіншіден, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтық бағдарламалардың мемлекеттік мекемелер тарапынан дер кезінде және қажет деңгейде орындалуы тұрғысынан қоғамдық бақылау ұйымдастыру және әр тоқсанда Бағдарламалардың орындалуы бойынша кең жұртшылыққа және тұрғындарға мәлімет ұсынады.

    Төртіншіден, бұл топ Даму стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу туралы жыл сайынғы баламалы есептерді дайындап, жариялайды.

    Бұдан тыс, топ аумақ тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, азаматтарды толғандырған немесе алаңдататын проблемаларды анықтау және мәселелерді шешуге арналған қоғамдық жобаларды ілгерілетуалға тарту сияқты істермен шұғылданады.

    Жиналыста қоғамдық бақылаудың дұрыс және дер кезінде іс жүзіне асырылуы мемлекеттік билік органдарына көмек болатыны, кейбір заңсыз әрекеттердің орын алуының алдын алатыны айтылды.

    Ұсыныстар негізінде Қарақалпақстанның Даму стратегиясын қолдап-қуаттайтын 21 адамнан тұратын қоғамдық топ құрылды.

    Қазірде мұндай қоғамдық топтар Хорезм, Самарқант, Қашқадария, Наманган, Әндіжан, Ферғана, Сұрхандария, Сырдария, Бұхара, Науаи, Ташкент және Жызақ облыстарында құрылды, деп хабарлайды «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысының баспасөз қызметі.

    Хабарда Қарақалпақстан Республикасының Даму стратегиясын қолдап-қуаттайтын қоғамдық топтың құрамы да атап өтілген.