Қарақалпақстанда суретшілердің қатысуымен шығармашылық пленер өтуде

    Ел назарында 21 Sentabr 2022 1280

    Қарақалпақстан Республикасының Мойнақ қаласы мен Арал теңізі жағасында бір топ суретшілердің қатысуымен пленер өтуде.

    Аталмыш пленер Министрлер Кабинетінің 6-санды хаттамасындағы пункттердің, яғни «Aral-dream» пленер жобасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

    Туризм және мәдени мұра министрлігі ұйымдастырған бұл жобаға танымал суретшілер: Василий Хапов, Сәрсенбой Бойбусинов, Абдулла Раджабов, Сабир Кутлимуродов, Саидбек Сабирбаев, Икрам Матчанов және Ширин Ташова қатысуда, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    Туризм және мәдени мұра министрлігі ШЫҰ саммитінде Самарқанттың рухын көрсету мақсатында Самарқантта пленер ұйымдастырғанын естеріңізге саламыз. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің суретшілері қатысқан.