Қойлар туралы 10 қызықты деректер

    Ең көп таралған үй жануары – қой туралы біз білмейтін мәліметтер бар ма?

    Егер бар болса:

    – Қой – көзқарашығы төртбұрышты формада болған санаулы жануарлардың бірі.

    – Қаншалықты оғаш көрінсе де, тәжірибелер қойдың есте сақтау қабілетінің күшті екенін көрсетті.

    - Қойлардың есту қабілеті өте жақсы, сондықтан олар өткір дыбыстардан қорқады.

    -Қойлар ұзақ уақыт жалғыз өмір сүре алмайды. Олар өрістен бөлініп қалса үркеді және уақыт өткен сайын бұл үрку күшейеді.

    – Дүние жүзінде алты жүзге жуық қой тұқымы бар.

    – Ғалымдар осы уақытқа дейін қой жүнінің сапасы мен жылуды сақтайтын қасиетін жоғалтпайтын синтетикалық аналогын жасай алмады.

    – Ашық далада жүрген отар қой шошып, жиналып қалады. Тосқауылдың немесе қабырғаның болуы оларды тыныштандырады.

    – Кәрі қойдан бір уақытта 10 келіге дейін жүн алуға болады.

    – Ең ұзақ өмір сүретін қойлар – қар қойлары, олар 22-24 жылға дейін өмір сүреді.

    – Ең қымбат асыл тұқымды бір қой миллион доллардан асады.

    Ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates