Егер бар болса:

– Қой – көзқарашығы төртбұрышты формада болған санаулы жануарлардың  бірі.

– Қаншалықты оғаш көрінсе де, тәжірибелер қойдың есте сақтау қабілетінің күшті екенін көрсетті.

- Қойлардың есту қабілеті өте жақсы, сондықтан олар өткір дыбыстардан қорқады.

-Қойлар ұзақ уақыт жалғыз өмір сүре алмайды. Олар өрістен бөлініп қалса үркеді және уақыт өткен сайын бұл үрку күшейеді.

– Дүние жүзінде алты жүзге жуық қой тұқымы бар.

– Ғалымдар осы уақытқа дейін қой жүнінің сапасы мен жылуды сақтайтын қасиетін жоғалтпайтын синтетикалық аналогын жасай алмады.

– Ашық далада жүрген отар қой шошып, жиналып қалады. Тосқауылдың немесе қабырғаның болуы оларды тыныштандырады.

– Кәрі қойдан бір уақытта 10 келіге дейін жүн алуға болады.

– Ең ұзақ өмір сүретін қойлар – қар қойлары, олар 22-24 жылға дейін өмір сүреді.

– Ең қымбат асыл тұқымды бір қой миллион доллардан асады.

Ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратты.