Сонымен бірге Мемлекет басшылары Жоғары Мемлекетаралық кеңестің геология, сирек жер металдарын өндіру, трансшекаралық өзендердің ағындарын болжау жөніндегі екіжақты жұмыс топтарын құру, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан өңірлері басшыларының кеңесін қалыптастыру туралы қаулы қабылдады.

Сапар барысында бұдан өзге де бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, атап айтқанда:

– Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және оларды тиімді пайдалану туралы келісім;

– Кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісім;

– Шекара маңы аймақтарында жерүсті радио қызметтері азаматтық мақсатта пайдаланатын радиожиіліктерді игеруді үйлестіру туралы келісім;

– Бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісім;

– Бірлескен инвестициялық платформаны құру туралы негіздемелік келісім;

– 2026–2027 жылдарға арналған туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары;

– Әділет министрліктері арасындағы 2025–2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

– Тау-кен өнеркәсібіндегі әріптестікті дамыту туралы меморандум;

– Өзбекстан Жастар істері агенттігі мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

– Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– Медициналық сақтандыру қорлары арасындағы өзара түсіністік меморандумы;

– Ташкент қаласы әкімдігі мен Астана қаласы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– «Узбекнефтгаз» және «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамдары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.