Делегация мүшелерінің қатысуымен ғимаратқа экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қолөнершілер орталығының қызметімен танысты.

Сонымен қатар, өкілдеріміз Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Кесебаевамен, Өзбекстанның Қазақстандағы туризм  бойынша құрметті елшісі Л.Ахановамен және Алматы қалалық іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары А.Ералиевамен екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулерде  екі мемлекет  парламенттерінің тиісті комитеттері арасындағы ынтымақтастық байланыстарын дамыту, ақпарат алмасу, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, біріккен жобаларды жүзеге асыру және түркі мемлекеттердің мәселелерін бірлесіп шешу жолдарын іздеу мәселелері талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық, медициналық, туризм, ғылыми, мәдени,  тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, біздің өкілдер Қазақстанның іскер әйелдер бірлестігінің мүшелерімен де кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен кеңейтудің үстем бағыттарын талқылап, пікір және озық тәжірибе алмасуға, ағымдағы жылдың екінші жартысында Өзбекстан мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің бизнес-форумын өткізуге келісті.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.