Қазақстанның Ақтау қаласындағы «Oil City» көрме кешенінде «Made in Uzbekistan» жәрмеңкесі аясында шоу-рум, ұлттық көрмелерді өткізуге арналған алаң және сауда қоймасы құрылды. Бұл туралы Сауда-өнеркәсіп палатасының ақпараттық қызметі хабарлады.

 «Шоу-румның негізгі мақсаты – еліміздің экспорттық әлеуетін көрсету, халықты арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан кәсіпкерлері арасында жаңа іскерлік қарым-қатынас орнату.

Шоу-румның негізгі бағыттары төмендегілерді қамтыған: азық-түлік, тоқымашылық, қолөнершілік, былғары, электротехника және құрылыс өнімдері.

Жыл барысында осы шоу-румда республика бойынша кәсіпорындар шығарған ұлттық өнімдерді орналастыруға және сатуға мүмкіндік бар», - делінген хабарда.