Мемлекет басшысы кеше, 3 шілдеде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.
Бүгін Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы отырысқа қатысып, ұйым кеңістігінде көпқырлы әріптестікті одан әрі кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салды.
Сапар аяқталғаннан кейін Өзбекстан Президентін Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды. Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.