Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22-жиналысы өтті

    Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 22-жиналысы өтті.

    Оған ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Өзбекстан Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, ұйымға мүше мемлекеттердің мәдениет басқармаларының басшылары қатысты.

    Жиналыста ШЫҰ аясындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасылды. Тараптар 2007 жылы қабылданған мәдени саласында ынтымақтастық туралы Бішкек келісімі негізінде екіжақты және көпжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.

    Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков өз сөзінде ШЫҰ елдері арасындағы мәдени ынтымақтастық достықты нығайтуда, өзара сыйластық пен түсіністікті дамытуда, мәдени мұраны сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    "ШЫҰ елдеріндегі халық саны әлем халқының тең жартысын құрайды. Бұл көптеген бірлескен мәдени жобаларды жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді. "Халықтар арасындағы сенімді нығайтудағы мәдениеттің рөлін рөлі бөлек", - деді министр.

    ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ аясындағы мәдени жобалар халықтар арасындағы жақындықты, сенім мен татулықты нығайтуға қызмет ететінін атап өтті. Сондықтан гуманитарлық қарым-қатынастарды кеңейту мен халық дипломатиясы институттарының қызметін қолдап-қуаттаудың маңыздылығын атап өтті.

    Жиын соңында қатысушылар «2025 жылға арналған ШЫҰ аясындағы мәдени алмасу іс-шараларының тізімін» бекітіп, хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көркемөнер ұжымдарының қатысуымен бірлескен концерттік бағдарлама өткізу жоспарланған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates