Айтуынша, комитетке 2024 жылы келіп түскен шағымдардың 8,2 пайызы, үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айындағы 8,9 пайызы телекоммуникация қызметі саласына қатысты. Олардың басым бөлігі «Beeline» ұялы байланыс қызметтеріне байланысты болса, негізгі шағымдар – тарифтердің көтерілуі, қосымша қызметтер мен ақылы контент қызметтеріне қосылу, есеп-қисаптағы проблемалар, қызмет сапасы мен басқа мәселелерге тиісті.
Аталған өтініштерде, ай сайынғы абоненттік төлемді төлеуге шотында қаражат жеткіліксіз болған жағдайда абоненттердің ризалығынсыз автоматты түрде тәуліктік тарифтік жоспарға ұлануы, тәуліктік төлемді шешіп алғаннан соң трафикті пайдалану мүмкіндігінің берілмейтіні және басқа да келеңсіздіктердің туындайтыны айтылған.
Талдауға сәйкес, тәулік абонент төлемі «Yana», «Hammasi ZOʻR», «Multi Kuch» және тағы 10-ға жуық басқа тарифтерде төмендегі шарттар қолданылады:
Ай сайынғы абоненттік төлемді төлеу кезінде қаражат жеткіліксіз болса, автоматты түрде абоненттік төлем (2000 сум) алынады.
Күнделікті абоненттік төлем автоматты түрде алынады және одан бас тарту немесе өшіру мүмкіндігі жоқ.
Күнделікті төлем толық жүзеге асырмаса, шот минусқа түсіріледі және нөмір блокталады. Блокталған күйде берілген трафиктен пайдалану мүмкіндігі берілмейді. Блоктан шығару үшін балансты толтыру керек;
Күнделікті абоненттік төлем абоненттің шотында ай сайынғы төлемге жеткілікті қаражат жиналғанша автоматты түрде шешіледі. Қаражат жеткілікті болған кезде ай сайынғы төлемнен бас тартылып, толық айлық пакет беріледі. Келесі ай сайынғы төлем мерзімі осы күннен бастап бір айға кейінге шегеріледі.
Сондай-ақ, қолданыстағы (тек жаңа қосылымдар үшін) Standart, Yashin, Aniq, Erkin, Start тарифтік жоспарларында да абонент балансында ай сайынғы абоненттік төлемге қаражат жеткіліксіз болса, онда күнделікті абоненттік төлем алынады.
Тұтынушының күнделікті тарифтік жоспарды өз еркімен қосуға немесе өшіруге немесе қызметтен бас тартуға мүмкіндігі жоқ.
Аталған күнделікті тарифтік жоспарды қолдану тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына және бірқатар заңдылық құжаттары талаптарының бұзылуына әкеп соғады. Сондай-ақ:
Егер баланста күнделікті төлемге қаражат жеткіліксіз болса, шот минусқа түсіріліп, нөмір блокталады.
Баланыс минусқа шешілгені нәтижесінде номер блокталуда. Блокталған жағдайда, күндік абонент төлем аясында ұсынылған трафиктен пайдалану мүмкіндігі қарастырылмаған. Яғни, 2000 сумға сатып алынған күнделікті трафикті пайдалануға мүмкіндік бермей, көрсетілмеген қызмет үшін ақы алынады.
Күнделікті абоненттік төлем автоматты түрде алынады - оны өшіру мүмкін емес. Бұл жағдайда тұтынушылар күнделікті абоненттік төлеммен қызметті пайдалануға мәжбүр.
Тұтынушылардың күнделікті тарифті пайдалануды өз еркімен таңдау, қосу немесе өшіру мүмкіндігі жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, тұтынушылардың белгілі бір құқықтарын қорғау мақсатында кейбір тариф жоспарлардың айлық және күндік абонент төлемінді шешу шарттарын қайта қарастыру туралы Комитет тарапынан «UNITEL» ЖШҚ-ға нұсқау хаты жолданды.

