Нұсқаулыққа сәйкес, реадмиссияланған тұлғалар туралы мәліметтерді Миграция және персонализация департаменті (МваПД) тарапынан «Төлқұжат-виза» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Төмендегі жағайларда ерекшелік ретінде реадмиссиядан өткен азаматтарға шетелге шығу төлқұжаты ремилендіріліп беріледі:

азаматтың жақын туысы шетелде қайтыс болғанда;

азаматқа немесе оның жақын туысқанына шет мемлекетте мамандандырылған медициналық көмек алу немесе ота жасау қажет болғанда;

ғылым олимпиадасына, білім беру немесе халықаралық спорт жарыстарына қатысу кезінде;

тұрғылықты жері Өзбекстанның шекаралық аумағы және эксклав аумақтарында болғанда;

Президент пен Министрлер Кабинетiнiң құжаттары мен тапсырмалары, сондай-ақ Президент Администрациясы басшысының тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету қажет болған кезде.

Азаматтар ерекше жағдайларда шетелге шығу құжатын ремилендіру үшін МваПД немесе оның аумақтық басқармаларына өтініш жайсайды.