Қаулыға орай, Риштонның дәстүрлі керамикалық тарихының беймемлекеттік мұражайы ұйымдастырылады.
Төмендегілер мұражайдың негізгі міндеттері ретінде белгіленді:
мұражай заттары мен коллекцияларын анықтау, жинақтау және сақтау;
мәдени-ағарту, ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыру;
жастарды «ұстаз-шәкірт» дәстүрлері негізінде керамикалық өнерге баулу;
карамикалық өнердің бай мәдени мұрасы, оның адамзат тарихындағы рөлін шынайы көрсету;
экспозицияларды ұйымдастыруда заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;
көрмелерді ұйымдастыруда шетелдік мұражайлармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату.
Мұражайды ұйымдастыруда жұмысшы топ бекітіліп, оның негізгі міндеттерінің бірі мұражай тұжырымдамасын әзірлеу, бекіту, іске қосу белгіленді.
2025 жылдың 1 апреліне дейін мұражайға бөлінген ғимараттың санаты мұражай қызметіне толығымен бейімделеді.