Қаулыға орай, Риштонның дәстүрлі керамикалық тарихының беймемлекеттік мұражайы ұйымдастырылады.

Төмендегілер мұражайдың негізгі міндеттері ретінде белгіленді:

мұражай заттары мен коллекцияларын анықтау, жинақтау және сақтау;

мәдени-ағарту, ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыру;

жастарды «ұстаз-шәкірт» дәстүрлері негізінде керамикалық өнерге баулу;

карамикалық өнердің бай мәдени мұрасы, оның адамзат тарихындағы рөлін шынайы көрсету;

экспозицияларды ұйымдастыруда заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

көрмелерді ұйымдастыруда шетелдік мұражайлармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату.

Мұражайды ұйымдастыруда жұмысшы топ  бекітіліп, оның негізгі міндеттерінің бірі мұражай тұжырымдамасын әзірлеу, бекіту, іске қосу белгіленді.

2025 жылдың 1 апреліне дейін мұражайға бөлінген ғимараттың санаты мұражай қызметіне толығымен бейімделеді.