Сенат төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев Канада Қауымдар палатасындағы «Канада – Өзбекстан» достық тобының төрағасы Зияд Абуолтаифпен бейнеконференция байланысы форматында кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Канада арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту және нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар бұл бағыттағы өзара мүдделілігін атап өтті.
Сондай-ақ, Өзбекстан Парламенті делегациясының 2025 жылғы 26–27 қараша күндері Канадаға жасаған сапары және Канада Парламентінде Өзбекстан күні сәтті өткендігі жоғары бағаланды.
Кездесу барысында «Өзбекстан – Канада» алғашқы парламентаралық форумын 2026 жылы Самарқант қаласында өткізу мәселесі талқыланды. Канада делегациясының елімізге сапары аясында сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, таза энергетика, білім беру және инновациялар салаларында бірлескен «Өзбекстан – Канада» бизнес-форумын ұйымдастыру ұсынысы да қаралды.
Кездесу қорытындысында тараптар екі мемлекет арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін растады.