Самарқант қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің жналысы өтті

    2022 жылғы 10 ноябрь Самарқант қаласында Түркі Мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің жиналысы өтті

    Шараға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия, Венгрия және Түрікменстанның сыртқы істер министрлері, ТМҰ Бас хатшысы және ТМҰ құрылымдары – ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Халықаралық Түркі академиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының басшылары қатысты.

    Министрлер достық және сындарлы рухта Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйін және оны одан әрі дамыту болашақтарын талқылады, сондай-ақ аумақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Түркияның өткен жылы ұйымға төрағалығының нәтижелі және табысты болғаны атап өтілді.

    Қатысушылар 2022 жылғы 11 ноябрінде Самарқант қаласында «Түркі өркениетінің жаңа дәуірі: ортақ даму мен әлауқаттылыққа қарай» тақырыбында өтетін ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесінің жиналысында күн тәртібі мен ұсынылған құжатардың жобалары қаралып, келісілді.

    Өзбекстан Сыртқы істер министрі қатысушыларды 2021 жылы Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттері ұйымы болып өзгертілгеннен кейінгі бірінші саммит болатын мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық барысы туралы баяндады.

    Мемлекет басшыларының алдағы кездесуі түркі елдері арасындағы іс жүзіндік ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері мен болашақтарын ашуға қызмет етеді. «Түркі әлеміне көзқарас – 2040» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2022-2026 жылдарға арналған TМҰ стратегиясын қабылдау осы шараның маңызды оқиғасы болмақ. Құжатты іс жүзіне асыруда ТМҰ елдері арасында түрлі салаларда өзара ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

    Кездесуде сыртқы істер министрлері әлемдегі болып жатқан оқиғалардың қарқыны мен халықаралық қатынастардағы өзгерістер ТМҰ-ны заманалық жағдайға үнемі бейімдеу қажеттігін атап өтті. Қатысушылар бүгінгі күннің барған сайын артып келе жатқан қауіп-қатерлерді жою үшін іс-әрекеттерді біріктіру мақсатында стратегиялық мәселелер бойынша жүйелі диалогты жолға қою қажеттігіне назар аударды.

    Министрлер өз сөздерінде ашықтық, теңдік және өзара құрмет қағидаттарын, сондай-ақ ТМҰ аясындағы көпжақты қарым-қатынастарды кеңейтуді абсолютті жақтайтындықтарын атап өтті. Олар ТМҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың маңызды факторларының бірі Ауғанстандағы жағдайды жедел реттеу туралы ұстанымды тағы бір рет дәлелдеді.

    Министрлер ТМҰ бас хатшысы мен ұйымға қарасты халықаралық құрылым басшыларының өткен жылғы ақпаратын тыңдады.

    Шара аясында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

    Кездесуде ТМҰ-ның ағымдағы қызметінің басқа да өзекті мәселелері де талқыланды.

    Шара соңында ТМҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің кезекті жиналысын 2023 жылы Қазақстанда өткізу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.