Шара Өзбекстанның мәдени мұрасын үйрену, сақтау және бұқараландыру  бойынша Дүниежүзілік қоғам тарапынан Өзбекстан Туризм және мәдени мұра министрлігі мен 10-нан астам халықаралық және 5 ұлттық ұйымның қолдауымен ұйымдастырылды.

Конгрестің негізгі оқиғасы— «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлемдік жинақтарда» (51-60 томдар)  деп аталған 10 жаңа кітап-альбомдардың тұсаукесері болды. Осылайша,  25-тен астам елден 350 ғалым, әлемге әйгілі 100 кітапхана мен мұражайлар мен кітап-альбомдар сериясын қамтыған жинақ 60 томға жетті.

Францияның Ұлттық кітапханасында сақталған бірегей көне қолжазбаның тарихи маңызы мен шынайылығына күмән жоқ. Конгресте осы көне қолжазбаның сирек кездесетін  басылымы да таныстырылды. Еуропаның жетекші баспаларының бірі “ Mueller & Schindler” өзбек елінің перзенті, астролог Мырза Ұлықбектің тапсырысымен жаратылған сирек кездесетін қолжазба факсимилесін ұсынды.

Сондай-ақ конгресте «Халықтарды біріктіретін мұра» атты тақырыптарда «Орталық Азия және Әзербайжан», «Әлем қоғамдастығы үшін жаңа бағыттары: жоспарлар мен болашақтар», «Ұлттық мұражайлар мен жинақтар Әлем қауымдастығының назарында” деген тақырыптарда дөңгелек үстел сұхбаттары өтті.

Сонымен қатар, конгресс аясында Өзбекстан өнеріне қатысты екі бірегей кітап: «Арал мен Әму жағалауында. Қарақалпақ өнері» және «Нақыш: эстетика, магия, мағына» кітаптары да таныстырылды.

Сонымен қатар, Самарқант қаласындағы Жастар шығармашылық сарайында «Өзбекстанның мәдени мұрасы заманауи ғылым назарында» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтуде.