Шараны Ташкент қаласының әкімі Жахангир Ортиқхужаев пен Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов кіріспе сөзбен ашты.

Жиында Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының бірінші орынбасары Ислам Жасимов, Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасындағы сауда өкілі Константин Злыгостев, «Санкт-Петербург Сауда-өнеркәсіп палатасы» Кеңесінің төрағасы Владимир Катенев және тағы басқалар қатысты.

Экономикалық форумның басты мақсаты – іскерлік және өзара сауда қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту, бірлескен инвестициялық жобалар мен бастамаларды ілгерілету, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болашақтары мен мүмкіндіктерін анықтау.

Шарада Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «Санкт-Петербург Сауда-өнеркәсіп палатасы» Кеңесі арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылып, тараптар өз өкілеттері аясында Өзбекстан Республикасы мен  Санкт-Петербург ұйымдары мен кәсiпкерлердiң ортасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, сондай-ақ сауда байланыстарын нығайтуға, сонымен қатар өзара ынтымақтастықта жаңа және неғұрлым тиiмдi экономикалық бағыттан пайдалануға келісті.

Форум аясында баяндамалар мен тұсаукесерлер, сондай-ақ B2B және B2G форматында келіссөздер мен кездесулер өтіп, екі елдің саяси және бизнес өкілдері ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.