Сауд Арабиясымен азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық дамитын болады

    Көлік 22 Aprel 2022 929

    Үстіміздегі жылғы 19 апрельде Эр-Рияд қаласында Өзбекстан Республикасының Транспорт министрі И.Махкамов пен Сауд Арабиясы азаматтық авиациясы бас басқармасының президенті А.Ал-Дуалиж және «Flynas» әуекомпаниясының бас директоры Б. Ал-Моханна арасында үшжақты кездесу өтті.

    Келіссөздер кезінде тараптар азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болашақтарын талқылады.

    Атап айтқанда, Өзбекстан мен Орталық Азия қалаларына Сауд Арабиясынан саяхатшылар ағымын арттыру мақсатында екі елдің белгіленген әуекомпанияларына барынша қолайлы жағдай жасау, осы бағыттағы кооперациялық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.

    Кездесуде тараптар азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың орасан зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, осы бағытта барлық күш-жігерді жұмылдыруға дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates