АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды

    АҚШ-тың жетекші компаниялары, инвестициялық қорлары және қаржы институттары басшыларымен өткен дөңгелек үстелден кейін, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен АҚШ Президентінің арнайы өкілі Сержио Гордың қатысуымен екіжақты келісімдер алмасу рәсімі өтті.

    Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға байланысты мынадай құжаттарға қол қойылды:

    Көлік министрлігі мен «Boeing» компаниясы арасында көлік саласында ұзақ мерзімді әріптестік туралы келісім;

    «Technopark» ЖШС мен «FLSmidth» компаниясы арасында тау-кен жабдықтарын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

    «Akfa group» пен «Cleveland Clinic» арасында көпсалалы клиника мен білім беру мекемесін құру туралы келісім;

    «Centrum Air» әуе компаниясы мен «Oppenheimer» инвестициялық компаниясы арасында өзара әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім;

    Экономика және қаржы министрлігі мен «Citigroup» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім;

    «Узбекгидроэнерго» АҚ пен «Cargill Financial Services International» компаниясы арасында қаржылық әріптестік туралы келісім;

    «Ўзтрансгаз» АҚ пен «Pangea Filtration Technology» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім;

    Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі мен «Cove Capital» компаниясы арасында перспективалы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім;

    «Янги Кон» ЖШС мен «SLB» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім;

    Өзбекстанның Қалпына келтіру және даму қоры мен «Biologic International» компаниясы арасында жасанды интеллект пен биотехнологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыруға арналған қорлар құру туралы келісім.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates