Сайлау жүйелері халықаралық қоры (IFES) еліміздегі қызметін кеңейтеді

    Бүгін Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Низамходжаев Сайлау жүйелері халықаралық қорының (IFES)-нің Еуропа және Еуразиялық аймақтық кеңсесінің директоры Аня Камберлендпен, Өзбекстан бойынша директоры Тамар Жваниямен және сарапшы Инна Товмасянмен кездесті.

    Өзара пікірталас барысында ОСК мен IFES арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ОСК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, келешекте сайлау үдерісін жалпыға танылған халықаралық стандарттарға сәйкес түрде ұйымдастыру туралы келісімдерді талқылады.

    Аня Камберленд өз кезегінде Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалап, елімізде IFES қызметін кеңейту үшін бірқатар жобалар дайындап жатқанын хабарлады.

    ОСК Төрағасы З.Низамходжаев та екі ұйым арасында жүзеге асырылып жатқан жобаларды толық қолдайтынын, ОСК тұрақты халықаралық ұйымдармен ашық диалог жүргізуге және алдағы уақытта өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға әрқашан дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    Кездесуге ОСК төрағасының орынбасары Б.Кучкаров пен тұрақты қызмет ететін ОСК мүшесі Г.Рахимова қатысты.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates