Онда жүзеге асырылған жобалар мен Өзбекстандағы  реформалар, соның ішінде республикамыздың тоқымашылық саласында болған маңызды оқиғалар бойынша жылдың бастапқы қорытындылары талқыланды.

Саммитке құрметті қонақ ретінде қатысқан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева шараны кіріспе сөзбен ашып, «Белгілі болғанындай, жақын тарихымызда Өзбекстан әлемнің ең ірі мақта шикізатын жеткізіп беретін мемлекеттердің бірі болса, жылдық экспорт табысымыз небәрі 1 миллиард доллар айналасында ғана еді.

 Ал бүгінде осы салада жүзеге асырылған ауқымды реформалардың нәтижесінде Өзбекстан әлемдік базарда танылған қатысушыға айналып, 2021 жылы 3 миллиард долларға тең дайын тоқымашылық өнімдерін экспорттауға қол жеткізді.

Бұл экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтарымыз үшін жаңа жұмыс орындарын ашу үшін маңызды, - деп айтты ол.

Тоқымашылық саммиті Халықаралық тоқымашылық өнімдерді өндірушілер федерациясы (ITMF), Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа Экономикалық Кеңесі (UNECE), International Trade Center,  Германия халықаралық ынтымақтастық агенттігі  (GIZ) сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың тікелей қатысуымен және қолдауымен өтті.

Оған Еуропа Одағы мен АҚШ, Азия мен Африка, сондай-ақ ТМД елдерінен 300-ден астам танымал әлемдік брендтер мен ритейлері,  тоқымашылық компаниялары мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Таъкидланганидек, саммит мамлакатимизда тўқимачилик саноатини ривожлантиришга, тўқимачилик маҳсулоти етказиш занжирида барқарорликни таъминлашга, миллий маҳсулотнинг экспорт географиясини янада кенгайтиришга, ҳамкорлар билан янги битимлар тузишга ва янги инновацион лойиҳаларни амалга оширишга йўналтирилгани билан алоҳида амалий аҳамиятга эга.

Атап өтілгендей, саммит еліміздегі тоқымашылық өнеркәсібін дамытуға, тоқымашылық өнімдерін жеткізу тізбегіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ұлттық өнімнің экспорттық географиясын одан әрі кеңейтуге, серіктестермен жаңа келісімдер жасауға және жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталғанымен ерекше іс жүзіндік маңызы бар.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.