Диалог барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Кездесу барысында Т.Нарбаева қонақтарды қарсы алып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, шет мемлекеттермен парламентаралық ынтымақтастық, сыртқы саясаттың үстем бағыттары, сонымен қатар тату көршілікті нығайту, Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Өз кезегінде, Н.Ламмерт Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер мен жаңаруларды жоғары бағалады.
Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды кеңейту, мемлекеттік және қоғамдық құрылысты жетілдіру, экономикалық- әлеуметтік салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алысылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.