Үстіміздегі жылдың 6 июлінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаеваның Қытай Халық Республикасы Бүкілқытай халық өкілдері кеңесі  Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен онлайн режимінде кездесуі өтті.

Диалог барысында тараптар Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуда және жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруда елдер парламенттері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, биылғы жылы Өзбекстан Республикасының ШЫҰ-ға төрағалығы аясында парламентаралық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Кездесу соңында Өзбекстан Олий Мажлисі Сенаты мен Бүкілқытай халық өкілдерінің кеңесі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жандандыру туралы келісілді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының ақпарат қызметі.