Мәжілісте Сенаттың жиырма үшінші жалпы мәжілісін 2022 жылғы 3 февраль күні шақыру туралы қаулы қабылданды. Кезектегі жалпы мәжілісте бірқатар мәселелер қаралады деп күтілуде.

Атап айтқанда, «Географиялық көрсеткіштер туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы»,  “Төтенше жағдайлар туралы”  Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануына байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» және “Материалдық мәдени мұра нысандарын қорғауды күшейтуге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбiр заң құжаттарына өзгертулер мен  қосымшалар енгiзу туралы» заңдар талқыланады.

Сондай-ақ, «Азаматтар мен кәсiпкерлiк субъектiлері құқықтары кепiлдiктерiнің одан әрi күшейтiлуiне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбiр заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгiзу туралы», “Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдар да күн тәртібіне кіргізілген.

Сонымен қатар, сенаторлар “Халықаралық еңбек ұйымының Құрылыста еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы 167-санды Конвенциясын (Женева, 1988 жылғы 20 июнь) ратификациялау туралы” және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің контрафактілік тауар таңбалары мен географиялық көрсеткіштерді пайдалануының алдын алу мен  оған шек қою бойынша ынтымақтастық туралы Бітімді (Минск, 2021 жылғы 28 май) ратификациялау туралы” заңдар қаралды.

Жалпы мәжілісте 2017-2021 жылдарға арналған Халықаралық стратегиясын «Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындардың денсаулығын нығайту жылында» іске асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша Министрлер Кабинетінің есебі, Премьер-министрдің орынбасары Ш.Ғаниевтың ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды енгізу және бөлінген қаражатты нәтижелі пайдалану туралы ақпараты және әділет министрінің 2021 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың  норма шығармашылық қызметі мен құқықты қолдану практикасының жағдайы туралы ақпаратты тыңдауы жоспарланған.

Сондай-ақ, еліміздегі газ баллондарымен жабдықталған көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы, салаға қатысты заң құжаттарының орындалуы және Интернетте әлем ақпарат желілерінде жастар мен кәмелетке толмағандар үшін ұлттық контентті дамыту, олардың әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті және зиянды ақпараттан қорғау мәселелері бойынша Министрлер Кабинетіне парламенттік сауалдар жолдау мәселелері де талқыланады.

Сенаторлар кәріз суларды тазарту  ғимараттарында туындап жатқан проблемалар мен кемшіліктердің қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсері туралы үкіметке жолданған парламенттік сауалдың нәтижелерін де қарайды.

Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының  Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясымен ынтымақтастық бойынша комиссиясын құру мәселесі туралы Сенат Төрайымы бірінші орынбасарының баяндамасы тыңдалады.

 Жалпы мәжіліс екі күн бойы онлайн режимінде өтеді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Сенатының Ақпарат қызметі.