Қайғылы оқиға құрбандарының саны 150-ден асты, 80-нен астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Оған Сеулдің Итхэвон көшесінде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде кептеліс себеп болған. Оңтүстік Кореяда 5 ноябрьге дейін ұлттық аза тұту жарияланды. Қайтыс болған 19 шетелдіктер арасында Қытай, Иран, Өзбекстан және Норвегия азаматтары да бар екені анықталды.
Айтылуынша, полицейлерге із-түзсіз жоғалғандар туралы 300-ден астам хабарлама түскен.
Өзбекстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілік Итхэвон көшесіндегі қайғылы оқиғада қаза тапқандардың барлық туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды «Дунё» AA.
Сонымен қатар, хабарламада болған төтенше жағдайдың салдарынан отандастарымыздың арасында зардап шеккен немесе көмекке мұқтаж болғандар болса, дипломатиялық миссия Өзбекстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігің консульдық бөліміне хабарласуын мәлімдеген.
Сондай-ақ хабарласу үшін төмендегі мекенжайлар көрсетілген:
Елшілік: 010-6802-1969
Қауымдастық: 010-8495-0027