Шахрисабз, Сарыасия, Замин әуежайына рейстер жолға қойылады

    Көлік 27 Oktabr 2022 2813

    Президенттің «Республиканың жергілікті әуе қатынауын дамытуға қатысты қосымша іс- шаралары туралы» қаулысы қабылданды.

    Құжатқа орай:

    * аумақтарды бір-бірімен байланыстыру мақсатында 2023 жылдың март айынан бастап айынан бастап Самарқант-Нөкіс, Самарқант-Мойнақ, Самарқант-Терміз, Бұхара-Терміз және Наманган-Терміз және Наманган-Нөкіс сияқты жаңа бағыттар бойынша тұрақты рейстерді бастау;

    * Қашқадария, Сұрхандария және Жызақ облыстарының туристік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында Шахрисабз және Сарыасия әуежайларына әуе қатынауын қалпына келтіру, сондай-ақ Замин әуежайына әуе қатынауын жолға қою;

    * әуе қатынауы кестесін жолаушыларға ыңғайлы теміржол, автобус және шағын автобус бағыттарымен біріктіру арқылы бірыңғай логистикалық жүйені жасау шаралары қабылданады.

    Сондай-ақ Өзбекстанның резиденттік авиакомпанияларына ішкі туризм бағыттарындағы әуе қатынаулар үшін авиабилет бағасының 25 пайызы мөлшерінде республикалық бюджеттен субсидия бөлу мерзімі 2026 жылдың 1 январына дейін ұзартылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates