Бұл махалла ауданының орталығында орналасқан және онда 2800 -ден астам тұрғын өмір сүруде. Мұнда көптеген сауда орындары мен тоқыма кәсіпорындары бар.
Мемлекет басшысы махалланың тұрғыны Сохиб Ходжамбердиевтің үйінде қонақта болды.
Отағасы - кәсіпкер. Жолдасы Дилоромхан мен бірге екі бала тәрбиелеп өсірген. Олар осы мекеннің беделді отбасыларынан. Аула бақшасында және шағын жылыжайда жеміс-жидектер өсіріледі. Мал және құс шаруашылығымен айналысады.
Қарашаңырақ иелерімен бірге өткізген уақытта елдегі бейбітшілік, бүгінгі мүмкіндіктер, реформалардың нәтижелері туралы шынайы әңгіме өрбіді.
Махалла ақсақалдары Өзбекстанның гүлдеп-жайқалуына және береке, өркендеу тілеп дұға етті.