Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылды

    Билік 21 Oktabr 2022 5644

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер соңында құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияға қол қойды.

    Сонымен қатар, екі елдің үкіметтері, министрліктер мен ведомстволар деңгейінде Өзбекстан-Түркіменстан көпжақты ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттар, олар қатарында:

    - Өзбекстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы саяси диалог, парламентаралық, сауда-экономикалық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық алмасуды жандандыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған практикалық іс-шаралар жоспар;

    - Екіжақты сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту туралы келісім;

    - Өзбекстан Республикасы мен Түркіменстан аумақтарындағы сауда үйлерінің қызметін реттеу туралы келісім;

    - Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім;

    - Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша практикалық шаралар жоспары;

    - Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тіркеу туралы келісімге қол қойылды.

    Сондай-ақ электр энергетикасы, кеден ісі, ветеринария және мал шаруашылығы, кинематография және басқа да салалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.